Біз дүкенге кірген сәттен-ақ, себетті автоматты түрде толтыра бастаймыз: таныс ірімшік, өзіміз қолданып көрген жуғыш құрал, сүйікті тәттілерді аламыз. Бірақ соңғы жылдары Magnum сатып алушылары сауда желісінің меншікті сауда маркалары (МСМ) ұсынатын жаңа өнімдерді жиі таңдай бастады.
Біреулер үшін бұл – брендтің атағына бола артық ақша төлемей, үнемдеудің амалы болса, енді бірі жаңа дәмдер және текстуралармен танысқысы келеді. Ал қазақстандық өндірушілер үшін бұл — тұрақты дамып, жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігі.