Қазақстандық қамту - бұл "Қазақстанда жасалған" жұмыстар, тауарлар немесе қызметтер. Бұл - импортты алмастыру, яғни инвесторлар жобамен жұмыс істегенде отандық шикізат, жабдықтар мен мамандардың үлесі жоғары қазақстандық компанияларды жұмысқа шақырады.
ТШО үшін жергілікті бизнеспен берік іскерлік қатынастарды дамыту және қолдау өте маңызды. Соңғы жылдары компаниядағы қазақстандық қамту тұрақты өсуде. ТШО-ның 1993 жылдан 2022 жылдың ІІI тоқсанына дейін қазақстандық қызметкерлерге, отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтеріне және қамтушыларға төлеген төлемдері мен мемлекеттік бюджетке аударған салықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасына тікелей төлемдері 172 миллиард АҚШ долларынан асты. ТШО қазақстандық қамтудың ең жоғары үлесіне қол жеткізу үшін өз жобаларына жергілікті өндірушілерді тартуды жалғастырып жатыр.