Сканерленген құжаттар файлдарының көлемін қысқарту, Microsoft Word-та құрылымдалған тізімдермен жұмыс істей білу, т.б. ұсақ-түйектерге дейін цифрлық құжаттаманы икемді өңдеуге мүмкіндік беретін IT-қосымшалармен жұмыс істеу дағдысы.
"Мен қамтушыныңтапсырыс беруші құжаттардың бірі ретінде ұсынған Word құжатындағы нөмірлеуді қалай сақтау керектігін білуге бір жарым күн уақытын жұмсағанын көрдім. Небәрі 5-ақ бет болатын, Word-та жұмыс істей алмайтын қамтушы параграфтар мен беттерді нөмірлеуді сақтай алмай қиналды, ал форматты сақтау - талаптардың бір болатын. Күлкілі оқиға, бірақ бұл факт", - деп қорытындылады сарапшы.
Осы тармақтардың барлығын біліп және сақтай отырып, тендерді ұтып алу тіпті жаңадан бастаушыға да мүмкін болады. Қамтушыға және оның құқықтарына құрмет көрсету сатып алу функциясының жетілген процестерінің ДНҚ-да жатыр. Сондықтан, сатып алуға қатысты ірі компаниялардың негізі Customer Of Choice ұғымы болып табылады, яғни қамтушы үшін қалаған тапсырыс беруші болу. Ақпарат үшін айта кетсек, 2021 жылдың қорытындысы бойынша талдау жүргізіліп, кері байланыс аясында қазақстандық компаниялармен жұмыс кезінде анықталған жалпы проблемалардың тізімі жасалды.
Қысқаша айтқанда, біріншісі – мерзімнің сақталуы –қамтушы сұраныстарға уақытында жауап беруі керек, екіншісі – сертификаттау стандарттарға сай болу керек және ISO, API, ASME және ASTM сияқты ең соңғы сертификаттар болу керек, үшіншісі – техникалық және коммерциялық мәселелер – көбінесе сұралған мәліметтер болмай қалады, толық ұсыныс беру керек, төртіншісі – бәсекеге қабілетсіз баға саясаты - тендерлік ұсыныс бәсекеге қабілетті болуы үшін нарық пен бәсекелестер туралы түсінік болуы керек, ал бесінші тармақ – сапаны басқару жүйесі – атап айтқанда, жоғары білікті және сертификатталған қызметкерлер.
Осы жағдайды жақсарту үшін және қазақстандық қамтушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің ТШО-мен бірлесіп іске асыратын жергілікті қамтушыларды і дамыту бағдарламасы бар. Бағдарлама 300-ден астам қатысушысы бар қамтушылар үшін мұнай операторларының тендерлеріне дайындық курсы, "Біріктірілген менеджмент жүйелерінің ішкі аудиторы" курсы, ISO 9001: 2015, 14001:2015 және 45001:2015 стандарттары, API сертификатталған тренингі, Кайдзен / Lean Sigma тренингі сияқты шаралардан тұрады, қатысушылардың барлығы курстарды аяқтау туралы сертификаттар алды. Сондай-ақ, қазір тауарларды таңбалау талаптары бойынша бірегей курс, атап айтқанда CE - (Еуропалық Одақ) және EAC (Еуразиялық экономикалық одақ) сәйкестік сертификаттары әзірленуде.