Иә, Құдайым, жарылқа.
Жарылқа да қабыл ет,
18 мың ғаламның патшасы екен Сүлеймен
Омар, Оспан, Сыдық бәріне медет тілеймін.
Мединада Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет,
Жетісуда Райымбек, Маңғыстауда бір Бекет,
362 әулие қолдасын, әрдайым сені оңдасын,
Жорытқанда жолың болсын, Қыдыр ата жолдасың болсын,
Бүгін берген ағаңның Құдай саған несібесін бергізсін,
Нан мен суың арылмасын, дастарханың тарылмасын,
Жанған отың сөнбесін, үстіңе пәле төнбесін,
Асау қара баламыз, қабыл болсын батамыз.