1993 жылы жаңа "Теңізшевройл" кәсіпорынның мұнай өндіру көлемі небәрі 1 миллион тоннаны құраса, 2022 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 29,2 миллион тоннаға дейін өсті. Құйылған инвестициялардың, озық технологиялар мен талантты қызметкерлердің арқасында ТШО өндіріс көлемін ұлғайтып, ел экономикасына елеулі үлес қосып келеді. 30 жылдың ішінде "Теңізшевройл" кәсіпорнының Қазақстан Республикасының бюджетіне салық, жалақы, ҚР дивиденді, қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу түрінде 176 миллиард доллары көлемінде тікелей төлем жасады. Осы уақыт ішінде 300 000 адам кеніште жұмыс істеп, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтап, білім алуға мүмкіндік алды.