Қолымнан келетін іс екенін аңғара бастадым, сол үшін осы спорт түріне қызықтым. Өміріме жаңа серпін бергендей, Құдайдың өзі «Істе, бұл қажет!» дегендей болды. Күн сайын ояна салып «Мұны істеуім керек. Ертең жаттығуға бармай қалсам, онда ештеңеге де қол жеткізбегенім, алдаусыратқаным ғана» деп қайталай бастадым. Айтқым келгені, адам істегісі келсе, қадам жасауы керек. Үйде отыра бермеу керек – дамып, тіпті сау адамның өзі қол жеткізе бермейтін биікке ұмтылу керек. Ал сенің қолыңнан келеді! Барлық мүмкіндігің бар: интернетің бар, өзіңе өзің көмектесе аласың. Жұрт көмектескісі келмесе де – бұл маңызды емес! Өзің үшін осы әлемді жасай аласың! Ал егер қолымнан келмейді деп қақсай берсең, түбінде түк те нәтижеге жете алмайсың. Өзіңді бақытты ететін іспен айналыс.