Ұңғының аузында жұмыс істеу мүмкін емес еді. Жерден улы газ шығып жатты, атмосфералық ауа температурасы +400 - +500°C, ал топырақ температурасы +260 - +320°C шамасында болды.
399 күн мен түнге созылған тілсіз жаумен шайқас адамның жеңісімен аяқталды. Мамандардың бағалауы бойынша, осы кезең ішінде бес миллион тонна мұнай, 3,3 миллиард текше метр ілеспе газ және 660 миллион текше метр күкіртсутек өртеніпті.