18 жасыма дейін үйде отырдым, қамалып отырдым, аптасына немесе айына бір рет қана шығатынмын. Осыдан өзім де жабылып қалдым, айналамдағылармен байланысқа түсу де қиын еді, өзімді шарасыз, сау адамдармен қарым-қатынас орнатуға лайық санамайтынмын. Өзімді қызық емес адам деп ойлайтынмын. Бірақ күн өткен сайын дизайнды меңгеріп, өмір сүруге нәпақа таппақ болдым, мықты ЖОО-ға түсіп, көппен тең болғым келді. Күн сайын сыртқы келбетіммен айналыса бастадым, акнеден емделдім, фэшн әрі бьюти-блогерлерге жазылып, образдарды қалыптастырдым. Сыртқы келбетім жағымды болуы үшін төрт сағат ерте тұратынмын. Instagram мен TikTok-та аккаунттарымды пысықтадым. Сосын грантқа түсіп, достар таптым, қарым-қатынас орнаттым.
Ірі қаланың қарбалас өміріне үлгеруге тырыстым: түсірілімге қатыстым, медиакеңістікте дамыдым, блогерлермен қарым-қатынасымды реттедім. Тіпті ЖК ашып, жұмысшы жалдадым, өз ісімді дамытып, дизайн студиясын дамытумен айналыстым, ол үшін киім коллекциясын жасадым. Жайлы өмір деңгейін жыл сайын көтеріп отырдым, кеңірек, жайлырақ пәтер жалдадым. Soft skills-пен жұмыс істедім, осының арқасында өмірім айтарлықтай өзгерді.