"Мен жеті баланың анасымын. Туыстарымызбен тар үйде тұрғанбыз. Мұндай өмірге шыдамай, мемлекеттік бағдарламаға қатысуға шешім қабылдадым. Банктегілер тұрғын үйлердің бірнеше түрін ұсынды, солардың бірінен пәтер таңдадық. Заем мөлшері 15 миллион теңге болды. Пәтер әрине, қымбатырақ болды, біз жетпей тұрған соманы қосып, нәтижесінде үш бөлмелі пәтер алдық, қазір жөндеу жұмыстарын жасап жатырмыз.
Енді балаларыма "Отбасы банкте" депозит аштым. Болашақта балаларымның пәтер мәселесі шешіліп тұрса деймін. Олардың болашақ шаршы метріне ақша жинай бастау – біз үшін дұрыс шешім. "Отбасы банктің" бағдарламалары туралы бүкіл танысыма айтып, кеңес беріп тұрамын. Шарттары да тиімді, пайыздық мөлшерлеме де аз. Бағдарламалар қиын емес, бәріне қолжетімді. Ал көпбалалы аналар үшін бұл таптырмас дүние. Мен кеңес беремін!