Табысты кәсіпкерлердің көптеген кітаптарын оқып, өз тәжірибеме сүйене отырып, әр 3-5 жыл сайын, қатты шаршап кеткенде, жай ғана демалғың келетін кездер болады деп айта аламын. Осындай сәттерде маған бизнес-тренингтер көмектеседі. Мұның бәрін өзің де біліп тұрасың, дегенмен басқа адамдардан "армандаңыз, әйтпесе ештеңе орындалмайды" деген сияқты мотивациялық сөз тіркестерін естігенде, бойыңызға күш береді. Қазақстандық кәсіпкерлерімізді немесе Ричард Брэнсон, Дональд Трамптың өмір тарихын тыңдағанда, барлық қиындықтардың уақытша екенін түсінесіз. Олардың тарихынан жетістіктері мен кемшіліктері болған білген кезде, олардың қолынан келген нәрсеге менің де шамам келеді деп жігерленіп, алға қарай ұмтыла түсесіз. Ендігі бір айтатын жайт - саяхат. Мен жылына бір рет саяхаттауға тырысамын. Бірнеше рет АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Швейцарияда болдым. Тіпті жұмыс бойынша жолға шығудың өзі адамды бір орында тұрып қалмай, әрі қарай дами түсуге ынталандырады.