Әнуар Қапанов – 2015 жылдан сәулет магистрі, Satbayev University докторантурасының 2022 жылғы түлегі және практик сәулетші. Сонымен қатар, Әнуар – «жасыл құрылыстан» KazGBC аккредитациясынан өткен маман. Қала өміріне бей-жай қалғысы келмеген заманауи маман болғандықтан, сәулетші инклюзияға аса зор көңіл бөледі. Ол заманауи қала ешкімді де бөліп-жармай, бәріне бірдей жасалуға тиіс және оған талпыну керек деген сенімде.