100 ИГІ ІС:
ГАЗДАНДЫРУ
100 жылдық мерейтойында Halyk "100 игі іс" акциясын іске қосты: еліміздің барлық өңірлері бойынша банк мәдениет, денсаулық сақтау, спорт, білім беру салаларында жергілікті және ауқымды әлеуметтік жобаларды іске асыруда. Олардың барлығы миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Акция "100 жыл халықпен бірге" ұранымен өтуде.Бұл банктің әрқашан өз еліне және халқына пайдалы болу миссиясын паш етеді.

/
ЖОБА ТУРАЛЫ
"100 игі іс" акциясы аясында Halyk Bank өз қаражаты есебінен Астана мен Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын адамдардың үйлерін газдандыруды жалғастырады. Газды тегін өткізетіндердің тізімін аудан әкімдіктері ұсынады. Газдандыру бюджеті алдын ала 230 миллион теңгеге бағаланады. Банк газды тұрғын үйге жеткізуден бастап барлық қажетті газ коммуникацияларын қосуға және жабдықты орнатуға дейінгі барлық кезеңдерді толығымен қаржыландырады. Бұған дейін осы әлеуметтік жобаның арқасында банк жүз алматылықтың үйіне жылулық пен жайлылық сыйлады.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТАРИХЫ
Қазақстандық отбасылар көгілдір отынды қосқан соң олардың өмірі қаншалықты өзгергені туралы әңгімелейді.
100 ИГІ ІС: ГАЗДАНДЫРУ
САРАПТАМА
Сарапшылар газдандырудың артықшылықтары мен қиындықтары, оның ауаға және біздің денсаулығымызға әсері туралы әңгімелейді, газды үйге қалай кіргізу керектігі және оның құны туралы кеңестермен бөліседі.
ЖОБАНЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ
1
2023 жыл, ақпан айы
Halyk басшылығы "ХӘОТ газдандыру" жобасын іске қосу туралы шешім қабылдады
2
2023 жыл, наурыз-сәуір айлары
Қалалық әкімдіктермен ынтымақтастық туралы меморандум жобасын пысықтау
3
2023 жыл, мамыр айы
Алматы және Астана әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою
4
2023 жыл, маусым-шілде айлары
Аудандық әкімдіктердің ХӘОТ тізімдерін қалыптастыру
1
2023 жыл, шілде айы
Шартқа қол қою және Алматы бойынша жұмыстарды бастау
2
2023 жыл, тамыз айы
Шартқа қол қою және Астана бойынша жұмыстарды бастау.
3
2023 жыл, қыркүйек айы
Алматы мен Астана тұрғын үйлерінде газ және жылыту жүйелерінің монтажы
4
2023 жыл, қазан айы
Астанада 50 үйге газ кірді. Алматыда үйлердің 80 пайызында газ жүйелерінің монтажы аяқталды
1
2023 жыл, қараша айы
Астанада 100 тұрғын үй газбен толық қамтамасыз етілді.
2
2023 жыл, желтоқсан айы
Алматыда 100 тұрғын үйге газ кіргізу жұмыстарының 90%-ы аяқталды