Қазақстандық танымал қақпашы Түркия чемпионатына 30 жасында ауысып барды. Оған дейін Қазақстаннан бөлек, Аустралия, Швеция және Ресей клубтарында ойнаған.
2012 жылдың жазында қақпашы Түркия бірінші лигасындағы "Ризеспор" командасы қатарын толықтырды. Негізгі қақпашы болып, команданың жоғарғы лигаға өтуіне көмегін тигізді. Алайда командада қалған жоқ. "Қайратқа" келіп, одан кейін тағы да Түркия жеріне табан тіреді.
Бір жылдан кейін Лория екінші лигадағы "Каршияка" командасына барды. Онда 8 ойын ғана өткізіп, түрік жеріндегі сапарын аяқтады.
Қақпашы түркиялық клубтар сапында 41 ойынға қатысып, 41 гол өткізді. 15 ойында қақпасына гол өткізбеді. Одан кейінгі мансабы елімізде жалғасты.