"ТШО-да жұмыс істеген кезде біз орасан зор тәжірибе жинақтадық, компания "Шеврон" корпорациясының озық технологияларын, стандарттарын, процестерін қолданады, ал кейде ТШО тіпті "Шевронның" басқа бизнес-бөлімшелерінен озып кетті. Мысалы, мұнай-газ компаниясындағы жобаларды басқарудағы "Agile" әдістемесі ТШО-да бірінші рет сәтті қолданылды және оған Бибігүл басшылық етті. Оның бұл білімі мен тәжірибесі "Шевронға" жұмысқа орналасуға көмегін тигізді.
ТШО-да SPE, AAPG сияқты кәсіби қауымдастықтарға қатысуға ынталандырылады және демеушілік жасалады. Мен SPE-дегі жарияланымдардың авторы және бірлескен авторы болдым, бұл маған ТШО-дан тыс жерде біліміммен бөлісуге және танысу аясын кеңейтуге мүмкіндік берді. "Шевронға" жұмысқа кіру үшін әңгімелесу барысында мен өзімнің жарияланымдарым туралы айттым және бұл сұхбат алушыларға жақсы әсер етті. Әлемдегі мұнай-газ саласының ірі жобаларының бірінде жұмыс істей отырып, ТШО қызметкерлері жоғары қабат қысымы, күкіртті сутектің (H2S) болуы, жарылған карбонатты қабаттардың геологиялық ерекшеліктері және қатал климаттық жағдайлар сияқты күрделі міндеттерге тап болудың бірегей мүмкіндігіне ие. Бұл тәжірибе мамандандырылған құрал-жабдықтардың, жоғары қауіпсіздік стандарттарының және ең алдымен білікті мамандардың болуын қажет етеді.
Теңіз кен орнындағы бірегей жұмыс тәжірибесі біздің мансабымызға үлкен әсер етті. Бұл тәжірибе АҚШ-та жұмыс іздеу кезінде біздің мүмкіндігімізді едәуір жақсарта түсті. Мұнай саласындағы мамандардың көпшілігі Теңіз кен орны туралы біледі немесе кем дегенде естіген, бұл біздің тәжірибеміз бен дағдыларымызға бірден қызығушылық тудырады. Жұбайым екеуміз кәсіби тұрғыда қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұтамыз.
АҚШ-қа көшкеннен кейін біз бәсекелестігі жоғары әлемдік таланттар пулында екенімізді түсіндік. Бұл бізді жаңа биіктерге ұмтылуға және жаһандық сын-қатерлермен күресті жеңіп, одан да үлкен нәтижелерге қол жеткізу үшін дамуды тоқтатпауға шабыттандырды".