Қазақстан Республикасында газға деген сұраныстың тез өсуі
Nostrum Oil & Gas Plc компаниясының қуаты жылына 4,2 млрд текше метр газ дайындау жөніндегі заманауи қондырғысы Қазақстан Республикасы үшін ең жылдам және ең бюджеттік шешім болып табылады.
«Жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысын тездету және ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАУЫТТАРДЫҢ ҚУАТЫН БАРЫНША ПАЙДАЛАНУ ҚАЖЕТ»
— Қ.Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Nostrum қазіргі уақытта Орынбор газ өңдеу зауытында газды кері айдау, сондай-ақ қайта өңдеу үшін газ экспорты жүргізіліп жатқан небәрі 100 км жерде орналасқан Қарашығанақ кен орнынан шикі газды қабылдау және қайта өңдеу бойынша Қазақстан Республикасы қаржыландырмай өз қаражаты есебінен қамтылған техникалық расталған жобаға ие.

Іске қосылғаннан кейін жүргізілген модернизация мен модификация аяқталғаннан соң Nostrum 4 қыркүйекте өзінің заманауи газды дайындау қондырғысын (ГДҚ-3) сәтті қайта іске қосқанын жариялады. Қондырғы Орал қ. солтүстік бағыттағы Чинарев кен орнында орналасқан.

Халықаралық және ішкі құбырлар компанияның инфрақұрылымдық торабына жақын орналасқан, бұл барлық қайта өңделген өнімдерді қауіпсіз және тиімді түрде тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ГКДҚ өндірістік қуатының 10% - дан төмені ғана іске қосылғані. Өз әлеуетін толық пайдалану үшін Компания үшінші тарап газын белсенді түрде іздеуде.
ГКДҚ жалпы өңдеу қуаты жылына 4-5 млрд. текше метр газды құрайды, Nostrum Oil & Gas PLC республиканың жалпы қажеттіліктерінің 20% қамтамасыз етуге көмектеседі.
Ең жылдам және бюджеттік шешім ретінде Nostrum қолданыстағы газ өңдеу инфрақұрылымын пайдалануды ұсынады.

"Nostrum компаниясы Қазақстан Республикасының маңызды стратегиялық энергетикалық серіктесі болып табылады. Біздің заманауи газ өңдеу инфрақұрылымымыз тауарлық газға деген жылдам өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға және елдің қымбат импорттық газға тәуелділігін азайтуға көмектеседі."
— А. Хан, Nostrum Бас атқарушы директоры
Фотоларды ұсынған «Nostrum Oil & Gas» PLC компаниясы