Жалпы, мюзикл - театр, музыка, би, ән, көркемсурет, акробатика, сценография, грим сияқты өнердің барлық түрін қамтитын сан түрлі шығармашылықтың синтезі, озық технологияның қосындысы. Театрдың тұсауын кесіп, көрерменге ұсынған алғашқы туындысы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Театр шымылдығы алғаш рет 2016 жылы көрнекті қазақстандық композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері А.Оренбургскийдің «Достар серті» қойылымымен ашылды. «Достар сертіндегі» декорация, дыбыс және жарық қоюшы режиссерлер мен экранға бейнеәзірлеушілердің қажырлы еңбегі екенін байқау қиын емес. Мөлдір махаббат пен шынайы достық туралы лирикалық комедия қарапайым сюжетпен жалғасып, кейіпкерлердің "шынайы бақытымен" аяқталады.