Шолу
1. 2019 жылы наурызда қойылған атақты ағылшын драматургі Рэй Кунидің «Номер 13» комедиясында қоғамның игілігі үшін қызмет атқарудың орнына демалуды ұйғарып, бес жұлдызды қонақүйдің 13-ші нөмірінде өзінің саяси қарсыласының хатшысымен құмарлыққа бой алдырған Ричард Уиллидің басынан өткен оқиғасы баяндалады.
2. Театр көрерменге бұрын-соңды болмаған «Сиқырлы сазды хор-концерт» атты жобасын ұсынды. Жобада көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер орындалып, шығармашылық ұжым көрермендерді вокалдық шеберліктерімен таңғалдырды. Хор-концерттің бағдарламасында жаңа өңдеудегі халық әндерімен қатар, әлемдік хиттер мен мюзикл ариялары, ретро-композициялар, белгілі заманауи әндер енген. Бұған қоса, сиқырлы сазды хор-концертте театрландырылған қойылымдар көрсетілді.
3. 2021 жылдың ақпан айында ұзақ уақыт болмағаннан кейін ресейлік драматург Л.Разумовскаяның пьесасы бойынша «ЕНТ тапсырмаймын» әлеуметтік драмасы қойылды. Болашақта жағымсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында қойылған пьеса мектеп түлектерінің қоғам қысымына ұшырауы, ата-ана мен бала проблемасы, өскелең ұрпақтың аға буын көзқарастарына қарсы тұруын көрермендерге әлеуметтік драмада көркемдеп, жеткізді.
4. Осы жылы театр жаңа форматтағы «COVID-19» би перформансасын ұсынды. Бұл қойылым көрерменге мәңгілік құндылықтар мен карантин кезіндегі адамның ішкі жағдайы, санасындағы өзгерістер мен халықтың абсурдтық әрекеттері мен сенімдерін бейнелеп берді.
5. 2022 жылы наурыз айында КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Astana Musical» мемлекеттік театры «Роза Бағланова» мюзиклі қойылды.
6. Шығармашылық ұжым 2022 жылы қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері "Алдар Көсе" қойылымын араға сексен жылдан астам уақыт салып, алғаш рет жаңа мюзикалық қойылым ретінде балаларға арнап қойды. Ұлттық құндылықтарды жас көрерменге дәріптеген ерекше туынды бүлдіршіндерге арнайы сахналанды.