27 шілде. Қазақ спорты тарихында қалатын елеулі күн.
Дәл осы күні Олимпиада ойындарының алғашқы чемпиондары мен жүлдегерлері анықтала бастады. Қазақстан құрамасы сапында барған дзюдошыларымыз да татамиді бағытқа алды. Бар мақсат – қарсыласты ұту ғана.
Екі бірдей Олимпиадада жүлде алған Елдос Сметовтің де мақсаты осы еді... Бала арманы орындалып, Олимпиада шыңын бағындырғысы келді. Оның сәті Парижде түсер деп қанша жыл күтті де.