Шарманов шуағы

Белгілі тұлғаның беймәлім қырлары

Төрегелді Шарманов – қазақ ғалымы, нутрициолог, медицина ғылымдарының докторы,

ҚР ҰҒА академигі

Өмірі мен қызмет жолы

  • Төрегелді Шарманов 1930 жылдың 19 қазанында қазіргі Қарағанды облысы, Ұлытау ауылында дүниеге келген.
  • 1955 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын, араға 3 жыл сала аспирантурасын өте жақсы көрсеткішпен аяқтаған.
  • 1958-1962 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орталық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарды.
  • 1962-1968 жылдары Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі болды.
  • 1968-1971 жылдары Ақтөбе медицина институтының ректоры, сонымен қатар фармакология кафедрасын басқарды.
  • 1971-1982 жылдары Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрі болды. Оның бастамасымен 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы (ДДҰ) мен ЮНИСЕФ-тің Халықаралық Алматы конференциясы өткізілді.
Төрегелді Шарманов 360-қа жуық басылымның авторы, оның ішінде 49 монография, 46 өнертабысы бар.
Өмірде дұрыс тамақтанудың маңызы ерекше. Оны бәріміз білеміз. Әсіресе, рухани әрі тәндік ләззат алатын, ағзаны тазартып-жақсартатын оразада дұрыс тамақтану одан да маңызды.
Алмаз Шарман: "Менің әкем көпке үлгі болды"
Академик Төрегелді Шармановтың ұлы Алмазбен сырлы сұхбат.
Академик Төрегелді Шармановтың сыйлығы табысталды
Биылғы марапатты екі шетелдік ғалым мен екі отандық ғалым иеленді.
Шармановтың қонағы
Академик зейнетке шығып, қартайған шағында да қарап жатпады. Ел алдында жүрген танымал тұлғалардан сұхбат алды. Сол арқылы келер ұрпаққа мәнді де мағыналы, ой саларлық үлгі-өнеге қалдырды.