Содан кейін көтергішке бет алдық. Кеншілер «клеть» деп атайтын темір лифтіге міндік. Есік жабылды да, төменге жылжи бастадық. Көз алдымызда шахтаның қабырғасы сырғып өтіп жатыр, ауа – шаң, айнала – тып-тыныш. Тек кеншілердің «байқаңдар, қазір күрт бұрыламыз» деген секілді қысқа қалжыңдары ғана көңілді сергітеді.
Бірнеше минут ішінде ғана жер астына, 300 метр тереңдікке тап болдық! Демек, шахтерлар жүз метрлік зәулім үй деңгейінде жұмыс істейді, тек жер үстінде емес, түпсіз тереңде.