Яндекс Нейромен Іздеу үлкен генеративті модельдер мен іздеу жүйесінің мүмкіндіктерін біріктіреді. Нейрожелілер пайдаланушының сұрағына жауап беру үшін интернеттегі барлық қолжетімді ақпаратты зерттеп, қажетті дереккөздерді таңдап, табылған материалдарды оларға сілтеме бере отырып, қысқа, әрі нұсқа бір хабарлама түрінде шығарып береді. Осылайша, пайдаланушылар әдетте бірнеше сайтты ақтаруды қажет ететін тақырыптар бойынша ақпаратты одан да тезірек таба алады. Яндекс Нейромен Іздеу iOS пен Android-қа арналған «Яндекс с Алисой» және «Яндекс Браузер» тегін қосымшаларында, сондай-ақ, yandex.kz сайтында қолжетімді.
Алиса - Яндекстің ақылды құрылғыларына, қосымшалары мен сервистеріне енгізілген виртуалды көмекші. Ол сұрақтарға жауап бере алады, музыка іріктеп, күнделікті шаруаларға көмектеседі, ақылды үйді басқарады және бұл оның мүмкіндіктерінің бір бөлігі ғана. Алисамен орыс тілінде де, қазақ тілінде де сөйлесуге болады. Бұл функцияны қосымшалармен қатар, Мини Станцияда, Макс Zigbee-мен, Станция 2, Мини сағатымен, Мини, Лайт және Макс станцияларында қосуға болады. Бұл үшін «Дом с Алисой» қосымшасына кірсеңіз болғаны, содан соң колонканы таңдайсыз, кейін - баптауларда «Көмекшінің тілін таңдау» түймесін басып, «Қазакша + Русский» таңдау керек.